+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Президент мақаласындағы маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіру керек – ғалым

2020 жылғы 9 қаңтар 13:27
Бөлісіңіз:
Президент мақаласындағы маңызды бастамаларды кеңінен түсіндіру керек – ғалым

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы маңызды әрі тағылымды тұстарын қоғамда кеңінен түсіндіру керек.

Бұл туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің Хакім Абай туралы Бас басылымдағы мақаласымен таныстым. Газеттік нұсқасын қолыма алып, астын сызып жіті оқыдым. Əсіресе, ақын мерейтойын лайықты атап өтудің бағыттары, жүйесі, жолдары анық көрсетіледі. Абайдың ел тарихы мен руханиятына өшпес із қалдырғаны баршаға аян. Сондықтан Абай əлемінің бірегей құбылыс екендігі атап өтіледі. Бұдан басқа, Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасына, оның өзектілігіне, тағылымды тұстарына мəн беріледі. Абай шығармаларының білім беру мен тəрбиелеу ісіндегі орнына, əртүрлі өнерді, оның ішінде тіл үйрену бағытына басымдық қойылған. Маңыздысы, Абай арманы - халық арманы екендігі айқын аңғарылады. Мақаланың маңызды һəм тағылымды тұстары осында деп білемін», - деді Рақымжан Тұрысбек.

Осы орайда профессор Мемлекет басшысы мақалысындағы тағылымды ұсыныстар мен бастамаларды қоғамда кеңінен түсіндіру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы «Egemen Qazaqstan» басылымының бүгінгі санында жарияланды.

«Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін», - деп атап өтті Президент өз мақаласында.


Фото: abaialemi.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғылым, БАҚ, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT