+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Президент мақаласындағы идеялар алдымен жастарымызға бағытталған – Ақылбек Күрішбаев

2020 жылғы 10 қаңтар 20:40
Бөлісіңіз:
Президент мақаласындағы идеялар алдымен жастарымызға бағытталған – Ақылбек Күрішбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көтерген идеялар алдымен, жастарымызға бағытталған. Осындай пікірді «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ректордың айтуынша, Мемлекет басшысы өз мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеуге, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап берді.

«Ұлан-ғайыр жер мен бай табиғи ресурстарды иеленген Қазақстан дамудың жарқын болашағына ие. Бірақ, оны игеру үшін елімізге сапалы дамыған адам капиталы қажет. Бұл жөнінде кезінде Абай дөп басып айтқан. Президент қоғамның интеллектуалды қуатын қалыптастыру мен арттыруды, адам капиталы идеясын дамытуды өз мақаласына арқау етіп алуы кездейсоқтық емес. Ұлы ойшыл еңбектерінде ғылым мен білімге аса мән беруі – дамудың негізі осылар екендігін түйсінгендігінде. Осыны ұғына отырып, Президентіміз Қ.К.Тоқаев білім жүйесін модернизациялау реформасын қолға алды», - дейді ол.

А.Күрішбаев атап өткендей, бүгінде бұл тек сөз жүзінде ғана емес, нақты қадамдарға, ұлттық білім беру ісі мен отандық ғылымды қолдау мен дамытуға бағытталған шынайы бағдарламалардың жүзеге асуына сеп болып отыр.

«Нәтижесінде өткен жылы бакалавриат пен магистратураға бөлінетін мемлекеттік гранттың үлесі артса, оның ішінде техникалық, аграрлық және ақпараттық технологиялар мамандықтарына гранттар саны көбейді. Биылғы оқу жылынан бастап бөлінген мемлекеттік гаранттың құны 349-дан 778 мың теңгеге дейін өсті. Өз кезегінде бұл, ЖОО-ның материалдық базасының жақсаруына және кадрларды дайындау сапасының жоғарылауына септігін тигізді. 2025 жылы мемлекет ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды 10 есеге арттыруды көздеп отыр. Нәтижесінде отандық ғалымдардың ғылыммен алаңсыз айналысуына және елімізде біліктілігі жоғары кадрларды дайындауға даңғыл жол ашылатыны сөзсіз», - деді ректор.

ЖОО басшысы қазақстандықтар мемлекет беріп отырған мүмкіндіктерді толығымен пайдалануы керектігін тілге тиек етті.

«Айта кетерлігі, Президент мақаласындағы көтерілген идеялар алдымен, біздің жастарымызға бағытталған. Мемлекет басшысы мақалада Абайдың «Толық адам« тұжырымын және оның тұлғаның қалыптасу идеясын негізге ала отырып, жас ұрпақтың алдына маңызды міндеттер қойды, яғни, білімді, мәдинетті, зиялы, адамгершілігі жоғары адам болып қалыптасу. Тек осындай адам ғана мемлекеттің, қоғамдық, болмаса отбасылық-тұрмыстық өмірдің іргелі қорғаны бола алады. Бұл тұрғыда жоғары оқу орындары ұстаздарының міндеті студенттерді өзін-өзі жетілдіруге талпындыру, сонымен бірге жаһандану жағдайында рухани-адамгершілік құндылықтардан айрылмау сынды ұлы Абайдың өмірлік ұстанымдарын басшылыққа ала отырып тәрбиелеу», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, «Egemen Qazaqstan» газетінің 9 қаңтар күнгі санында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT