Президент қоғамның қордаланған мәселесін біртіндеп шешуге күш салатынын көрсетті - Бақыт Смағұлов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұлов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысының мәлімдеген бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы демократиялық құндылықтарды жақсарту бағытында оң қадам жасауға тырысатыны аңғарылады. Ұлттық сенім кеңесінің құрылуы осының бір айғағы іспеттес», - деді Б.Смағұлов.

Сонымен қатар, ол жылдар бойы мұз болып қатқан тоңды жібіту әсте оңай емес екендігін айтуда. Осы ретте, Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма беру арқылы қоғамның талап-тілектерін ескеру мәселесін өміршең етуге талпынып отырғанына тоқталды.

«Біз тәуелсіздік алдық деп көп нәрсеге қол жеткізгенімізбен, ұтылған тұстарымыз да жетерлік. Кемшін түскен жақтарымыз да жоқ емес. Соның бірі - бейбіт шерулер мен митингілерді өткізу мәселесі. Көшеге шыққандардың бәрін жау көру қисынды ма?! Олар да осы елдің бір-бір мүшесі, қазақтың азаматтары. Бар гәп - митингілердің заңды, заңсыздығында. Халық өзін толғандырған мәселесін билікке жеткізе алмаса не істеуі керек? Мұның заңды жолы қайсы. Көшеге шығуды осы мәселені билікке жеткізудің бір жолы ретінде қарастыру сонда заңсыз ба?

Егер мұндай митингілерге биліктің өзі теріс қарамай оң қабақ танытса, адамдар жайдан-жай жапа шекпес еді.

Міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселені өміршең етуге талпынып отырғаны аңғарылады», - деп түйіндеді Б.Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар