Президент Қазақстанның көміртегінен бейтараптылық доктринасының қаржылық ауқымын атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2060 жылға қарай парниктік газдардың теңгерімін нөлдік деңгейге жеткізу үшін 700 млрд доллар қажет болады.

Елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» атты халықаралық конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қойылып отырған мақсаттарды табысты іске асыру 2030 жылдың мақсаттарына ғана емес, яғни шығарындыларды 1990 жылғы деңгейден 15% төмендетуге, сондай-ақ 2060 жылға қарай парниктік газдардың теңгерімін нөлдік деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол осы шаралардың нәтижесінде атмосфераға 9 миллиард тоннадан астам көміртегінің қоршаған ортаға тасталу жолы кесілетінін атады.

«Доктрина жобасы бойынша, елде бұл сценариді жүзеге асыру үшін шамамен 700 миллиард доллар қажет болады. Бұл инвестициялардың жартысы электр энергиясы мен жылу өндіру секторын жаңғырту үшін қажет. Әрине, біз барлық сандарды мұқият санап, кіріспелерді мұқият тексеріп, құралдар жиынтығының дұрыстығына көз жеткізуіміз керек», - деді Президент


Соңғы жаңалықтар