Президент индустрияландырудың үшінші бесжылдығы міндеттерін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев индустрияландрудың үшінші бесжылдығының міндеттерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдан бастап Индустрияландырудың үшінші бағдарламасын жүзеге асыру басталады. Біз жеке сектордың әлеуетін барынша пайдалану арқылы экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытын айқындадық. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыруда бұған дейінгі бесжылдықтағы кемшіліктер ескерілуі, нақты өңдеу өнеркәсібі құрылуы тиіс және өңделген өнім экспортын ұлғайту, шығарылатын өнімді технологиялық күрделендіру, сапалы жұмыс орындарын құру міндеттерін шешуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарлама экономиканың құрылымдық трансформациясының басты факторына айналуы тиістігін баса айтты.

«Мемлекеттік бағдарлама экономиканың құрылымдық трансформациясының басты факторына айналуы және мультипликативті әсер көрсетуі тиіс. Индустриалдық саясаттың соңғы мақсаты – экономиканың теңгерімді өсімі және азаматтардың әл-ауқатының артуы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар