+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Президент игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беруді тапсырды

2021 жылғы 10 шілде 13:00
Бөлісіңіз:
Президент игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беруді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ордабасылық шаруалар малдың қысқы азығын дайындауға қамдануда Ербол Қарашөкеев: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге мембақылауды күшейту – басты міндеттің бірі Қостанайдағы іргелі шаруашылық егін орағын аяқтауда

«Жайылым мәселесіне тоқталайын. Жалпы, бұл өте күрделі мәселе болып тұр. Негізгі себеп - әкімдіктер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы. Қазір мал жаю үшін 29 млн гектар жер қажет. Соған қарамастан шаруа қожалықтары 33 млн гектар жерді пайдаланбай отыр. Ауылдық округтердің 80 пайызында жайылымдық жер тапшы», - деді ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл әсіресе Түркістан, Алматы, Қызылорда облыстарында айқын сезіліп отыр.

«Үкімет пен облыс әкімдері прокуратура органдарымен бірлесіп, игерілмей жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарына қайтарып беру ісін қолға алуы керек. Осыған баса мән берген жөн. Үкімет ғарыштан мониторинг жүргізу тәсілін жетілдіріп, оның ауқымын кеңейтуі керек. Осы маңызды жұмысты Президенттің тапсырмасымен ғана емес, тұрақты түрде атқару керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT