16:36, 03 Сәуір 2020 | GMT +6
Президент: Халықтың әнұранымызды бірге шырқауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы әнұранды бірге шырқаған тұрғындар бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантинде отырған азаматтарымыздың риясыз көңілі мен шынайы ниеті бұл қиындықты бәріміз бірге еңсеретінімізге сенім ұялатады. #BizBirgemiz. We shall overcome», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, елорда мен еліміздің басқа қалалары тұрғындарының Әнұранымызды бірге орындауы - Отанға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
«Халқымыздың бұл әрекеті зор құрметке лайық», - дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда тұрғындарының балконнан әнұран шырқағанын жазған болатынбыз.