+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Президент Eni компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады

2021 жылғы 26 шілде 18:33
Бөлісіңіз:
Президент Eni компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Эни С.п.А.» компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальциді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Кездесу барысында Қашаған және Қарашығанақ ірі мұнай-газ жобаларының жүзеге асырылуы жөніндегі жоспар қарастырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалғасып жатқан пандемия жағдайына қарамастан, Қашағандағы қазіргі жобалардың іске асырылу қарқыны сақталып отырғаны баяндалды.

Клаудио Дескальцидің айтуынша, мұнай өндіру ісін арттыру жөнінде бірқатар маңызды инвестициялық шешім қабылданған.

Консорциум Қашаған кен орнын толыққанды игерудің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ газ өңдеу қуатын күшейту жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет басшысы энергетикалық бағыттағы инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асыруға Қазақстанның баса мән беретінін айтты.

Осы ретте Президент отандық өнім үлесінің жоғары болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек әңгіме барысында жер қойнауын игеру, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жасыл энергетика саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT