Президент: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бесінші – Ассамблеяының әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды қолдау тәсілдерін дамыту. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері жыл сайын көптеген маңызды жобаны жүзеге асырады. Бұл ретте олар мемлекеттен ақпараттық қолдау және ұйымдастыру жағынан ғана көмек алады. Мұндай бастамаларды Ассамблеяның халықтық жобасы деп атауға болады. Олардың авторлары ресми түрде Ассамблея жобасының жетекшісі ретінде танылуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған орай Мемлекет басшысы бейінді министрліктер әкімдіктер көп адамды қамтитын республикалық жобаларды жүзеге асыру барысында Ассамблеяның, оның құрылымдарының жұмысына қолдау көрсетуі тиістігін баса айтты.

«Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға емес ҚХА-ның халықтық бастамалары үшін ресурстық орталықтар және жобалық кеңселерге айналуы тиіс. Этномәдени бірлестіктер де бұл жұмысқа белсенді қатысуы қажет», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар