Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің ұсынған және жүзеге асырылған бастамаларының басым бөлігі мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Саясаттануда мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланыс тетігі деп аталатын түсінікке назар аударғым келеді. Яғни, ұсынылған әрі іске асырылған Президент бастамаларының елеулі бөлігі мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланыс тетігін жетілдеруге негізделген. Бұл өз кезегінде барша түрлену мен өзгерістердің негізі болып тұр. Атап айтқанда, бейбіт жиындарды қйымдастыру тәртібін өзгерту, парламенттік оппозиция институтын құру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясы бар», - деді сарапшы «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» тақырыбындағы сарапшылық талқылау барысында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өтуі шегін төмендетуге қатысты маңызды бастаманы көтерді.

«Бізде бес партия сайлауға қатысты. Өткен сайлау нәтижесін ескере отырып, 7 пайыздық меже оларға жоғары болып тұр. Өздеріңіз білесіздер, 5 пайыздық межені «Ауыл» партиясы еңсерді», - деді С. Көшкімбаев.

Оның пайымынша, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне « бәріне қарсымын « деген жазуды енгізу де маңызды.

«Бұл өз кезегінде ауқымды әлеуметтік сауалнама іспеттес. Осы орайда тұрғындардың тікелей пікірін білуге, барша саяси күштерге баға еруге жол ашады», - деді сарапшы.

«Менің ойымша, реформалардың кезең-кезеңмен өтуі – маңызды қадам. Бұл қадамдар саяси түрленудің өзекті бөлігі болып тұр», - деді Санат Көшкімбаев.

Айта кетейік, бүгінгі сарапшылық талқылауға саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, заңгерлер, танымал саясаттанушылар қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар