Президент Бақыт Сұлтанов пен Сапархан Омаровқа бірлесіп жұмыс істеуді жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа бірлескен жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тек өндіріс үшін жауап береді. Жақсы өндіріп жатыр ма, жаман ба – ол екінші мәселе. Ал оның өткізілуіне, сатылуына Сауда және интеграция министрлігі жауап беруі керек. Сол себепті, бір-бірлеріңізбен тығыз жұмыс істеңіздер», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы отандық бизнес бұл ретте экспорттық тауарлардың санын арттыру керектігін атап өтті.

«Тек сондай өндіріс ошақтарына атаулы қолдау көрсету керек. Бұл жұмыс бәріне, әкімдіктер мен министрліктерге, даму институттарына қатысты. Сол себепті, заманға сай жобалық амал-әдістерді енгізу қажет», - деді Президент.




Соңғы жаңалықтар