Президент: Азия қаламгерлері еңбектерінің біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің І форумының жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия қаламгерлері туындыларының біртұтас электронды кітапханасын құратын уақыт жетті. Бұл Азияның теңдессіз дүниетанымы жинақталған баға жетпес асыл қазынаның есігін жер жүзіне айқара ашатын құнды дүние болары сөзсіз. Осындай игі бастамаларды іске асыру жұмысы – қаламгерлерімізді біріктіріп, Азия әдебиетін жаңа белеске шығарады деп сенемін. Бүгінгі форум жұмысын табыс тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қаламгерлерінің І форумында.

Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинаты қатысуда. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев «Азия алыбы» халықаралық әдеби сыйлығын тағайындауды ұсынды.




Соңғы жаңалықтар