Президент айтты – орындалды: Бизнесті қолдау бойынша 24 шара қабылданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли шағын және орта бизнеске қолдауды кеңейту туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында: «Биыл шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс. Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бір айдың ішінде осыған қажетті іс-шаралар топтамасын әзірлеуді тапсырамын», - деген болатын.

Бүгінде ҚР Президентінің бұл тапсырмасы аясында іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін қосымша шаралар топтамасы қабылданды. Атап айтқанда, бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыруға, сұраныс нарықтарына және сапалы адам ресурстарына қолжетімділікті кеңейту сияқты 4 бағыт бойынша 24 шара қабылданды.

Шаралар топтамасы жылдам қалпына келтіру қарқынын және жаңа экономикалық ахуал жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыратын экожүйені қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шаралардың жүзеге асырылуы биылғы ЖІӨ-нің өсімін 3 пайызға жеткізуге ықпал етеді. 3,3 миллионнан астам адам жұмыс істейтін 1,2 миллионнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар