Президент ақын Нұрлан Оразалинді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Нұрлан Оразалинді мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табиғи дарыныңызбен ерте танылып, айқын мақсат пен ортақ мүдде жолында игілікті істерді жүзеге асырдыңыз. Руханият пен әдебиет саласының өркендеуіне сіңірген еңбегіңіз өте мол. Мемлекетіміздің сындарлы саясатын берік ұстанып, қажырлы қызмет атқарып, сенім үдесінен шыға білдіңіз. Ел газеті – «Егемен Қазақстанның» жаңа белеске көтерілуіне, отандық баспасөздің кең қанат жаюына мол үлес қостыңыз. Ұзақ жыл Жазаушылар одағына басшылық жасап, іргелі ұжымның береке-бірлігінің сақталуына бар күш-жігеріңізді жұмсадыңыз. Парламент Сенатының депутаты болған тұсыңызда, әсіресе, әлеуметтік-мәдени даму, ғылым мен білім мәселелерін қамтитын заңнамаларды жетілдіруге белсенді атсалыстыңыз», - делінген Президенттің құттықтау хатында.


Соңғы жаңалықтар