Премьер-Министр төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына ведомство басшысы Юрий Ильинді таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Мамин Мемлекет басшысының қайта құрылған Төтенше жағдайлар министрлігінің алдына табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, тұрғындарға шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру бойынша салмақты міндеттер қойып отырғанын атап өтті.

«Барлық ұйымдастыру шараларын жедел өткізіп, негізгі міндеттерді орындауға кірісу қажет», — деді А. Мамин.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған болатын.

Президент жарлығымен Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар