Премьер-Министр мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша тапсырмалар берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау жөнінде тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мемлекет баса көңіл аударатын өте маңызды мәселе. Біздің міндетіміз – мүгедектігі бар адамдарға қолайлы орта жасау. «Нұр Отан» партиясының жаңа бағдарламасына сәйкес алдағы 5 жылда жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 30 пайызға өсуі тиіс және де олар медициналық оңалтумен 100% қамтылады.
Елімізді тұңғыш рет мүгедектер арбаларын жасайтын отандық өндіріс іске қосылды, бұл арбаға мұқтаж адамдарды бес жыл ішінде толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау және тұрмыс сапасын жақсарту үшін Қазақстанда 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылып жатыр, ол 64 кешенді іс-шарадан тұрады. Биыл мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге 448 млрд теңге жұмсалды, бұл өткен жылдан 12 пайызға көп.
«Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен жұмыстар анықтамалығы әзірленіп жатыр, бұл оларды жұмыспен қамтуды ұлғайтуға ықпал етеді. Мұны қоғамдық бірлестіктер ұсынды, біз осыны қолдап, іске асырып жатырмыз. Балалардың сырқатын ерте анықтап, тексеру үшін 75 психологиялық-медициналық және педагогикалық комиссия, 194 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс істейді. Көлік саласында оны мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалана алуы үшін елеулі жұмыс атқарылды. Жол жүру үшін жеңілдікті жағдайлар жасалды.
Вокзалдардың 93 пайызы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету талаптарына сәйкес келеді. Барлық жолаушылар пойызы 100 пайыз мүгедек арбаларымен жабдықталған, қоғамдық автокөлік паркін жаңарту және сәйкес келтіру шаралары қабылданып жатыр», - деп атап өтті А. Мамин.
- 2020 жылы 1,8 мың отбасы жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныс аударды
- Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді
- Зейнетақы жинағын алу процесіндегі барлық операциядан комиссия алынбайды
- Тұтыну несиесін жабу үшін зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат берілмейді – Ибрагимова
-
Зейнетақы жинағына баспана алу: 60 мыңға тарта арнайы шот ашылды
-
Азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам