+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Премьер-Министр бірқатар өңір әкімдеріне «Еңбек» бағдарламасын жандандыруды тапсырды

2021 жылғы 26 қазан 10:58
Бөлісіңіз:
Премьер-Министр бірқатар өңір әкімдеріне «Еңбек» бағдарламасын жандандыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру деңгейі төмен өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Индустрия министрі: Өңдеу өнеркәсібінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылады Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты

«Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан облыстарында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылдық жоспардың орындалу деңгейі төмен. Сонымен қатар, Шымкент қаласында және Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе облыстарында Жұмыспен қамту жол картасы аясында жобаларды іске асыру деңгейі ең төмен. Бұл әкімдіктер жұмысты жандандыруы қажет», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам қазақстандыққа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды жаңа жұмыспен қамту жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT