Праймериз: Шығыс Қазақстаннан Мәжіліске 6 үміткер тіркелді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХIV конференциясы өтіп, оған 139 делегат қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияда партияның облыстық бес жылдық сайлауалды бағдарламасы бекітілді.

«ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде бағдарламаның барлық жобалары праймериз барысында халықпен кеңінен талқыланды. 1315 ұсыныс жиналып, оның 1036-сы қабылданғаны өңірлік бағдарламада ескерілді. Облыстық мәслихатқа 64 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді. Талдау нәтижелері тізімдегі әйелдердің үлесі 32,8%-ға, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 23,4%-ға дейін өскенін көрсетті», - деп хабарлады «Nur Otan» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі.

Үміткерлердің орташа жасы 53-тен 46-ға, яғни 7 жасқа дейін жасарды. Сондай-ақ облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының тізімі 64%-ға жаңа құрам. Бұл қоғамның жаңару сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Дебаттарға қатысқан 15 үміткердің алтауы дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер болды. Конференция мен қоғамдық пікірталастар әлеуметтік желілерде онлайн режимінде таратылған. Сонымен қатар конференцияда 2020 жылдың 25 қарашасында өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезіне облыстан 25 делегат сайланды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар