Праймериз кандидаттарының арасында қандай мамандар көп болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбай «Праймериз 2020» ішкі партиялық іріктеуінің негізгі қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төрт күнде Nur Otan тіркелген мүшелерінің 84,2 пайызы немесе 662 687 адам дауыс берген. Дауыс беруге қатысқан 581 104 партиялық онлайн форматта таңдау жасады. Ал интернетке қосылу мүмкіндігі әлі шешілмеген шалғай аудандарда тұратын 81 583 мың адам қағаз түрінде дауыс берді», - деді А. Қырықбай ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, праймеризге ұзын саны 10 990 кандидат қатысқан және оның 7 143-і өзін-өзі ұсынған. Үміткерлердің орташа жасы – 43. Оның 36,7% астамы – әйелдер, 29% – 35 жасқа дейінгі жастар болды.

«Негізгі әлеуметтік топтардың қамтылуына келсек, кандидаттардың сапалы құрамы қызметтеріне қарай былай бөлінді: 31% – білім және ғылым саласының өкілдері, 14% – шағын және орта бизнес, 7,8% – мәдениет және спорт, 7,1% – қызмет көрсету саласы, 7,2% – ауыл шаруашылығы саласы және 4,6% – өнеркәсіп және экономиканың басқа салаларының өкілдері», - деп түсіндірді партия хатшысы.

«Праймериз жаңа әлеуметтік лифт қызметін атқарып, қатысушыларға жария саясатта өздерін көрсетуге, өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғай алуға мүмкіндік берді. Бәсеке барысын баршасы бақылады. Әркім үгіт-насихатын жеке стратегиясы мен тактикасы тұрғысынан жүргізуге мүмкіндік алды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде1980 пікірсайыс өткізілді. Олар түрлі сипатта болды. Жалпы адамдардың мұндай ашық саяси дода негіздерін енді ғана игере бастағанын ескерсек, барлық пікірталас өз деңгейінде тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар», - деді Арман Қырықбай.


Соңғы жаңалықтар