Праймериз барысындағы дебаттар Қазақстанда саяси жүйенің жақсы дамығанын көрсетеді – Эдуард Полетаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Праймериз кезінде көптеген дебат болды, бұл саяси жүйенің жақсы дамығанын көрсетеді. Мұндай пікірді саясаттанушы Эдуард Полетаев Қазақстандағы сайлауалды қоғамдық-саяси үдерістер мәселелері туралы онлайн-конференцияда білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін Қазақстанда депутаттар сайлауы мерзімінен бұрын өтіп келді. Сондықтан үгіт-насихат науқаны қысқа мерзімде өтті. Биылғы тамыз айында басталған праймериз «Nur Otan» партиясын жаңғыртудың құрамдас бөлігі ғана емес, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау саяси науқанының бір бөлігі болды деп айта аламыз. Праймериз барысында көптеген дебат болды. Бұл - саяси жүйенің жақсы дамығанын көрсетеді», – деді Э.Полетаев.

Оның айтуынша, заңнамадағы өзгерістерге байланысты партиялық тізімдерде әйелдердің кемінде 30 пайызы және 35 жасқа дейінгі жастардың кемінде 20 пайызы болуы тиіс.

Саясаттанушының пікірінше, бұл жастар мен әйелдер арасында көшбасшылардың артуына септігін тигізеді. Әлеуметтік желілерде мыңдаған оқырманы бар танымал адамдар праймериз кезінде алдыңғы қатарлардан көрінбеді. Бұл, партиялық және жалпыхалықтық дауыс беру арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді. Сондықтан Қазақстанда праймериз жүйесі кеңінен таралады деп есептеуге негіз бар.


Соңғы жаңалықтар