Прагадағы НАТО Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қазақстандық парламентшілер делегациясы қатысуда

None
None
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Прагада (Чех Республикасы) НАТО Парламенттік Ассамблеясының 58-інші сессиясы ашылды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Халықаралық қауіпсіздік мәселелері қаралып жатқан сессия жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Алтынбаев қатысуда.

Сессия ауқымында   саяси, қорғаныс және қауіпсіздік, ғылым мен техника, азаматтық өлшем, қауіпсіздік және экономика комитеттерінің отырыстары өтеді.

Шараға НАТО-ның 28 мүше-мемлекеттерінен 350 парламентші, сондай-ақ әріптес-елдер делегаттары қатысуда. Қазақстандық делегация құрамында сондай-ақ Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов бар.

Соңғы жаңалықтар