Пойыз билетін алыпсатарларға қарсы күрестің жаңа тәсілі енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пойыз билеттерін алыпсатарлардың жолын кесудің жаңа тәсілі бар. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің жүйе пойыз билетін қайта сата алмайтындай етіп жаңаша жасақталды. Ендігі уақытта пойызға билет сатып алар кезде жолаушының аты-жөні мен ЖСН-і сұралады егер ол кісі өз билетін басқа біреуге сатқысы келсе ол жүйеден автоматты түрде жойылып кетеді де билет қайтадан сатылымға қойылады. Демек бір адам сатып алып екінші адамға бере алмайды. Пойыз билетін сату базасында бір ғана адамның жеке мәліметі болуы керек. Сатып алған адамның аты-жөні мен жеке мәліметтері базада автоматты түрде сақталып қалады және ол пойызға мінер кезде тексерілетін болады», - деді Виктор Бошманн.

Сондай-ақ, аталған ұйым өкілі алыпсатарлық әрекет заң аясында жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

«Өткен жылдың қаңтар айынан бастап пойыз билеттерін алып, қайта сатқаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің қатаңдатылғанын еске салғымыз келеді. Ол үшін айыппұл көлемі 100-ден 500 АЕК-ке дейін өсті. Егер азаматтар билетті заңсыз сату фактісіне куә болған жағдайда ол туралы құқық қорғау орындарына хабарлауын сұраймыз», - дейді ол.

Бұған дейін биыл Алакөлге қатынайтын пойыз бағыттары мен оның бағасы туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар