Полицияға қару-жарақ тапсырып, қанша теңге алуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция органдарына қару-жарақты өз еркімен тапсырған азаматқа 290 мың теңгеге дейін төленеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Материалдық өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, ерікті тапсыру үшін төлемдер мөлшері қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты және әр бірлігі үшін 30 мыңнан 300 мыңға дейін болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссия анықтайды. Мысалы, 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 290 мың теңгені азамат автоматты ойық қарудың әрбір тапсырған бірлігі үшін ала алады», - деді Асылбек Ыдырысов.

Оның атап өтуінше, мұндай соманың жартысы немесе 145 мыңы ойық ұңғылы мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін.

«Тапаншалар мен револьверлер үшін 100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлем болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 90 мың теңгеге дейін бағалануы ықтимал», - деді бөлім бастығы.

Айта кетейік, 20 сәуірде елімізде халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Оған бюджеттен 95 млн теңге бөлініп отыр.



Соңғы жаңалықтар