Полиция жыл басынан бері жоғалып кеткен 48 павлодарлықты тапты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері полицияға Павлодар облысы тұрғындарынан із-түзсіз жоғалып кету фактісі туралы 54 өтініш түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жыл басынан бері полиция бөліміне азаматтардың із-түзсіз жоғалып кету фактісі туралы 54 өтініш пен хабар түскен. Полиция қызметкерлерінің қолданған шараларының арқасында бір тәулікте 42 азаматтың қайда екені анықталған, соның ішінде 9-ы кәмелеттік жасқа толмаған», - деп хабарлады бүгін Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.

Құқық қорғау органдарының деректері бойынша, тағы 6 павлодарлықтың мекенжайы іздестіру ісі қозғалғаннан кейін анықталған.

«Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру және іздеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр», - деді полиция.

Азаматтардың жоғалу себептері әртүрлі: ескертуді, хабарласуды ұмытып кету, достарында қалып қою, жолға шыға алмау және т.б.

«Қазіргі уақытта 6 азамат табылған жоқ», - деп атап өтті өңірдің полиция департаментінде.

Соңғы жаңалықтар