Полиция Туризм Академиясы президентінің кабинетінде түсірілген фотоны тексеріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы ҚР Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың кабинетінде түскен суретті тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде таралған суретте кабинетте қар барысының, ілбістің, тағы басқа жануарлардың терілері анық көрінеді. Бұл суретті Instagram желісінде кәсіби боксшы Жанқош Тұраров жариялаған. Кейін жазба өшірілді.
Қызыл кітапқа енген жануарлар терісінің суреті көпшіліктің наразылығын тудырды.
Қазір бұл дерекке байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Алматы полициясы тексеруді бастады.
ҚР Экология министрлігі осы мәселеге байланысты түсінік берді.
«Біздің міндетіміз – Қызыл кітапқа енген жануарларды тұрмыстық мақсатта қолдану емес, керісінше оларды қорғау, олардың популяциясын сақтап қалу. Бұл суретте қар барысы, ілбіс, арыстанның тұлыбы түскен. Суреттегі қар барысының терісіне қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Алматы облыстық территориалдық инспекциясы құқық қорғау органдарына шағымданып, тиісті шара қолданатын болады. Бұл мәселені бақылауға алып, азаматтардың назарында ұстайтын боламыз. Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оны аулауға қатаң тыйым салынған», - деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Оның айтуынша, территориялық инспекция бұл суреттерді тексеріп, 2021 жылы 20 қаңтарда № 03-10/86 хатпен Полиция департаментіне жолдаған.
Жойылып кету алдында тұрған сирек кездесетін жануарларды, олардың бөлшектерін, дериваттарын заңсыз пайдалануға қатысты мәселе ҚР ҚК 339-бабында қарастырылған. Полиция өз кезегінде суреттегі терілердің қар барысына тиесілі екенін анықтайды.
Тексеру қорытындысына сәйкес ҚР заңнамасына орай жаза қолданылады.
- Алматы зообағында сұр кенгуру төлдеді
- Батыс Қазақстанға Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
- Алматылық дәрігер COVID-19-дың балаларға әсерін айтты
- Алматы автопарктері 400-ге жуық экологиялық автобус сатып алмақ
-
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
-
Қазақстанда көктемгі аңшылық маусымы ашылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам