Полиция психотропты заттарды тарату каналын әшкереледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция Қазақстанның өңірлеріне психотропты заттарды жеткізудің ірі каналын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі қылмыстық тізбекті қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің қызметкерлері, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бірігіп анықтады.

«Ағайынды екі жігіт «жылдамдық» деп аталатын психотропты заттарды Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларына жеткізбек болған. Скотчпен оралған қораптарды жергілікті адамдар күтіп алып, оларды ары қарай сатуы тиіс болған. Әр қорапта 1 келіден есірткі заттары болған. 36 жастағы ағасы 30 жастағы інісінің тапсыруымен жүкті қалааралық автобустардан беріп жіберуі тиіс болған», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Жедел тексеру операциясы барысында барлық жергілікті қалалардағы есірткі бизнесімен айналысушылар ұсталды.

«Қазір олар қамауға алынып, сұрақ-жауап алынып жатыр. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді», – деді Ерлан Әлмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар