Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлтіру қылмысын ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми өкілдің дерегінше, бір апта ішінде 3179 қылмыс жасалған.

Оның 2103-і бір тәулік ішінде ашылды.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 5 қарақшылық, 520 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты», - деді Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.


Соңғы жаңалықтар