Полиция қызметкеріне қол көтерген адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арбат алаңында полиция қызметкерлері бұзақыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео әлеуметтік желіде таралған болатын. Бейнекадрда полиция қызметкерлері қарсыласқан ер адамның қолын бұрап жатыр.

Қалалық ПД хабарлауынша, оқиға Арбат алаңында кешкі 19:00 шамасында болған.

«Сол жерде қызметін өтеп жүрген полиция қызметкерлеріне тұрғындар көшеде мас адамның мазаларын алғандарын айтып, шағымданған. Тәртіп сақшысы бастапқыда оған ауызша ескерту жасаған. Алайда дөрекілік танытқан соң, полиция қызметкерлері оны ұстап басқармаға апармақ болған. Сол кезде ер адам полицейлердің бірінің бетінен ұрған», - деді Полиция департаментінен.

ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Тәртіп бұзушы уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Ол бұған дейін тонаушылық бойынша бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.


Соңғы жаңалықтар