+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады

2020 жылғы 30 қазан 12:20
Бөлісіңіз:
Полиция Kaspi компаниясына қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Kaspi бөлімшесіне жасалған шабуылға күдікті адамдар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда сырқат баланы сылтауратып, ақша жинаған алаяқ ұсталды Қызылорда облысында жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 дерек тіркелді Алматыда ломбардқа шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 35, 34 және 28 жастағы үш адам ұсталды. Екі ер адамды Алматы қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдері ұстады.

Үшінші күдіктіні дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Айғақзат ретінде ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192-бабы, 3-бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының қылмыстық іс материалдарына тіркелген.

Айта кету керек, Алматыда 15 қазанда Kaspi банк бөлімшесіне шабуыл жасалған болатын.

Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша, 2 млн теңгені алып кеткен. Қарақшылардың бірі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке енген.

Қарақшылар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT