Полиция іздеу салған қостанайлық бойжеткен тоғыз күннен соң табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының полиция департаменті іздеу салған бойжеткен таныстарында қыдырып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь хабарлады. Бұған дейін 2003 жылы туған Коробова Анастасия Александровнаның орналасқан жерін анықтау үшін облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылғанын жазған едік.

20 қаңтарда «Оңтүстік» полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, кәмелетке толмаған қызы Анастасия Коробованың жоғалып кеткенін айтқан. Ол бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалған. А.Коробова бүгін сағат 22:00 шамасында Федоров ауданының Успенов ауылынан табылды.

«А.Коробова Федоров ауданының Успеов ауылынан табылды. Оның мекен жайын Қостанай қаласы полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімшесі қызметкерлері Абылай Хусаинов пен Александр Смовж анықтады. Іздеу салынған бойжеткен таныстарында қыдырып жүрген», - дейді баспасөз хатшысы.

Облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстарына қатысқан волонтерлерге алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар