Полиция ардагерлері санитарлық постта тұрған жас әріптестерін жігерлендірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық полиция департаменті ардагерлер кеңесі санитарлық постта қызмет атқарып жүрген жас әріптестерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жауапкершілік, төзімділік, ұстамдылық, тәртіп және дайындық - бүгінгі полиция қызметкерлерінің сәтті жұмысының кепілі. Жас тәртіп сақшылары осындай қасиеттерді ішкі істер органдары ардагерлерінен үйренді.
Аға буын өкілдерімен тығыз байланыс жас мамандардың кәсіби дамуына ықпал етіп, отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелейді.
Айта кетсек, коронавирус инфекциясын алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында Көкшетау қаласының карантиндік аймағы периметірінде 6 санитарлық пост қойылып, оған 48 полиция қызметкері тартылған.
«Желтоқсанның 4-де отставкадағы полиция полковнигі Дауытбек Нұрғалиев бастаған ардагерлер кеңесінің өкілдері Көкшетау қаласының карантиндік аймағы периметіріндегі санитарлық постарда болды. Ардагерлер аязды күні санитарлық поста қызмет атқарып жүрген жас әріптестеріне азық-түлік апарып берді.
«Бүгінгі таңдағы қиын уақытта ақмолалық полицейлер медицина қызметкерлерімен бірлесіп, Көкшетау және Степногор қалаларының карантиндік аймағы периметіріндегі санитарлық постарда қызмет етуде. Біз ішкі істер органдарының ардагерлері оларға азық-түлік алып келдік. Олардың қалтықсыз қызметі үшін шынайы алғыс білдіреміз. Өздері де, отбастары да аман болсын», - деп атап өтті Дауытбек Нұрғалиев.
Полиция ардагерлері бүгінгі күнгі тәртіп сақшыларының жұмысы қиын екенін түсінеді.
Өздеріне осындай қолдау білдіріп, жігерлендіріп отырған ардагерлерге жас қызметкерлердің де айтар алғысы көп.
- Былтыр электрондық форматтағы әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалар 6 млн-нан асты
- 2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
- Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
- Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
-
Елордада бойжеткен үшін жанжалдасқан жігіттер қарудан оқ атқан
-
Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам