Полиция Алматыны айналып өту жолының картасын ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Алматыны айналып өту жолының сызбасын картада көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс аймағы арқылы айналып өту жолының сызбасын картада белгіледі.

«Бұл облыс аймағы арқылы қаланы айналу бағытын көрсетеді. Шартты түрде Талғар ауданынан Қарасайға және басқа аудандарға қалай жетуге болатыны белгіленген. Картада нүкте сызықпен қаланы Алматы облысының елді мекендері арқылы айналып өту жолдары көрсетілген» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция маршруттарды алдын ала жоспарлап, реттеу, төтенше жағдай мен карантин ережелерін, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын қатаң сақтау және короновирус инфекциясымен күресу және алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар