+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Полицейлерден қашып жүрген Үржар ауданының тұрғыны Алматы облысында ұсталды

2021 жылғы 27 қаңтар 16:04
Бөлісіңіз:
Полицейлерден қашып жүрген Үржар ауданының тұрғыны Алматы облысында ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жарты жыл полицейлерден қашып жүрген Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданының тұрғыны Алматы облысында қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісінде жабайы түлкі видеоға түсірілді Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айында Алматы облысындағы саяжайлардың бірінде атыс болған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 293 бабы 3 тармағы яғни, «Атыс құралын қолдана отырып бұзақылық жасау» бойынша іс қозғалды. Жедел тексеру, іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті аталған қылмысты жасағаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. 2020 жылдың маусым айында 26 жастағы тұрғынға халықаралық іздеу жарияланды. Сот санкциясына сәйкес, күдікті ұсталғанда бірден қамауға алынуы керек. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы криминалдық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары күдіктіні тапқан. Алты ай іздеуде жүрген азамат Қарасай ауданындағы алыс туыстарының үйінде жасырынған. Полиция күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT