Полицейлер мен волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинс қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері волонтерлермен бірге жазғызбасты зейнеткерлерге көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жауған қалың қар қарт адамдар, әсіресе туған-туыстары жоқ қариялар үшін айтарлықтай қиындық туындатты. Олар дүкенге баруға не көршілерден көмек сұрау үшін үйлерінен шыға алмай қалған. Мұндай зейнеткерлерге Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келді.

Тәртіп сақшылары Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен байланысып, жеке секторда тұратын және көмекке мұқтаж зейнеткерлер тізімін алған. Олардың арасында қаланың тоғыз қарт тұрғыны болды.

«22 ақпанда Шахтинск қаласының ПБ жеке құрамы еріктілермен бірге осы зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалап, ретке келтірді. Қарттар қамқорлық көрсетіп, оларға көңіл бөлген полицейлерге алғыстарын айтты», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, бұл акция әлі де жалғасын табады. Ал қажет болған жағдайда, қайта көмекке келуге дайын екендерін жеткізді.



Соңғы жаңалықтар