+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

2016 жылғы 3 желтоқсан 11:06
Бөлісіңіз:
Полицейлер Астанада жоғалып кеткен 16 жастағы спортшыны тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 желтоқсанда Астана полицейлері Қостанай облысында өткен дзюдо жарысынан елордаға қайтып келіп, үйіне жетпей жоғалып кеткен 16 жасар Мәлика Досымжанованы тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Полицейлер оның достары мен таныстарын белгілеу барысында құрбыларымен Қарағанды облысына қонаққа кеткенін анықтады. Жоғалған уақытта оған қарсы ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алмаған. Ол Астана қалалық ІІД аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Ювеналды полиция инспекторлары өз еркімен кетуіне жол бермеу туралы профлактикалық әңгімелесу өткізді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған қыз заң өкілдерінің қатысуымен түсінік беруде», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 29 қараша күні қыздың анасы полицияға шағыммен келген. Ол дзюдо жарысына қатысқан қызының Арқалықтан Астанаға келгенін, бірақ үйіне қайтпағанын айтқан. Кәмелетке толмаған спортшынының мекенжайын анықтауға Астана қалалық ІІД жеке құрамы кіріскен. Іздестіру ісі қозғалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT