+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Полицейлер арасында «Абай оқулары» байқауы өтті - Қарағанды облысы

2020 жылғы 26 ақпан 12:13
Бөлісіңіз:
Полицейлер арасында «Абай оқулары» байқауы өтті - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағанды облысы Полиция департаменті бөлімшелері қызметкерлері арасында «Абай оқулары» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ тарихы мен әдебиеті әлемінде айрықша орын алатын және ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың 175 жылдығына орай Қарағанды облысының ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы Саран қаласындағы полиция бөлімінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Абай оқулары» атты облыстық байқау өткізді.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысы ПД қарасты ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты.

Байқаудың басты мақсаты - тіл мәдениетін көтеру, ұлттық болмыс пен құндылықтарды ұлықтау, ішкі істер органдары қызметкерлері қатарынан талантты жастарды анықтау.

«Бүгінгі ұрпақтың Абай шығармаларын толыққанды нәр алуын ерекше мән беруіміз керек. Өйткені ақын өлеңдерінің басты мұраты - адам тәрбиесі, мінез-құлық, әдеп, ар-ұят сияқты мәңгілік мәселелер. Ал, оны рухани жаңару мен жаңғырудың басты арқауы етіп алу - Абай жолын ұстанған ұлт мерейінің асқақтығы деп білеміз «- деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайыркен Әлиев.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған байқау екі кезең бойынша өтті.

«Заманауи көзқарас» деп аталған алғашқы кезеңде қатысушылар Абайдың қара сөздерін біреуін таңдап, онда айтылған ойды өз пікірімен ұштастыра отырып баяндаудан сынға түссе, ал, «Жүрегімнің түбінен терң бойла» деген атпен өткен екінші кезеңде Абайдың бір өлеңін нақышына келтіріп оқып беруден жарысқан болатын.

Әділ қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді таңдау талғамына, қара сөз бен өлеңді нақышына келтіріп оқуына, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне баса назар аударған болатын.

Байқаудық қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Қарағанды облысының ПД Теміртау ПБ Шығыс полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Асқар Әуесхан еншілесе, жүлделі 2-орын Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Айсауле Жеңісқызына бұйырды.

Ал 3-орын Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы Гүлназия Құралбекке бұйырды.

Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT