Полицейдің жұмысы ерте басталып, түн ортасында аяқталады - Мақсат Ишберген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат –Ақтау қалалық полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Мақсат Ишберген таңертең үйінен шығып кеткен Мұнайлы ауданының тұрғынын табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңертең жиналыста жоғалып кеткен адамды табу туралы тапсырма алдық. Мұнайлы ауданының тұрғынын туыстары іздеген. Тапсырманы алғаннан кейін Ақтау қаласы Полиция басқармасының ЖБО бейнебақылау инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Баймұратовпен бірге іздеу жұмыстарын жүргізіп, жоғалған адамға ұқсас адамды таптық. Ол үйдің ауласындағы орындықта отырды. Содан кейін оның жанына бардық. Ол кісіден барып, сұрақ қойып, жеке басын анықтау үшін оны 13 шағын ауданның учаскелік пунктіне жеткіздік. Ер адамның жағдайы жақсы, кейінірек ол Мұнайлы аудандық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сол жерден туыстары оны үйіне алып кетті», - дейді Мақсат Ишимов ҚазАқпарат тілшісіне.

Полиция капитаны Мақсат Ишберген бала кезінен полиция қызметкері болуды армандаған. Ол 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін тәмамдаған. Ол 2017 жылдан бастап Мақсат Ишберген 2 шағын ауданның учаскелік инспекторы болып жұмыс істеген. Одан кейін 13, 17, 18, 18а және 20 шағын аудандардың аға учаскелік инспекторы болып тағайындалды. Бүгінде ол 25 мыңға жуық адамның тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қадағалайды.

Мақсат Қуандықұлы өзінің жұмыс күні таңертең ерте басталып, түн ортасында аяқталатыны туралы айтты.

«Полиция капитаны жұмыс күнін бастардан бұрын плацқа аттанады. Мұнда жалпы нұсқаулық өтеді. Қызметкерлерге тәулік ішінде тіркелген қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпарат беріледі. Полицейлер нақты тапсырмаларды алып соларды шешу мақсатында жұмыс істейді.

Біз барған кезде Мақсат Ишбергеннің жұмыс үстелінде 30-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық істерге қатысты материалдар тұрды. Олар бойынша тексерулер бірнеше күн ішінде аяқталуы тиіс.

Жұмыс күнінен кейін түнгі сағат 11-де Мақсат үйіне асығады. Үйінде жан жары мен қос қарлығашы қыздары әкесін күтеді. Таңертең полиция қызметкері қайтадан қызметіне кіріседі.

Пандемия кезінде полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшкені белгілі. Екі, үш ауысымда жұмыс істеді. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаев төтенше жағдай және карантин кезінде ерекше көзге түскен полицейлерді марапаттады. Олардың арасында Мақсат Ишберген де болды. Сонымен қатар, облыс және Ақтау қаласы әкімдерінен «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» алғыс хатына ие болған.


Соңғы жаңалықтар