Польшада президент сайлауында екі үміткер екінші турға өтті

None
None
ВАРШАВА. ҚазАқпарат - Польшада президент сайлауының екінші кезеңі өтуі мүмкін, экзитпол мәліметтеріне қарап осындай қорытынды жасауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше, 28 маусымда Польшада президент сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша түске дейін сайлаушылардың 24 пайызы дауыс беріп үлгерген. Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бұл - бұрнағы жылдармен салыстырғанда рекорд.

Сайлауға қатысып жатқан 11 кандидаттың бәрі учаскеге келіп, дауыс берді. Оның арасында елдің қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Оны билік партиясы - «Құқық пен әділдік» қолдап отыр.

Экзитполдағы сайлаушылардың сауалнама нәтижесіне көз салсақ, елдің қазіргі басшысы Анджей Дуда шамамен дауыстың 42% жинайды, ал оның қарсыласы - Варшаваның мэрі Рафал Тшасковский 30% дауыс жинап, екінші орынға тұрақтайды.

Жалпы, сайлаудың екінші туры 12 шілдеге жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар