Польшада қазақстандық студент қызды трамвай қағып кетіп, мерт қылды

None
None
КАТОВИЦЕ. ҚазАқпарат – Польшада білім алып жатқан қазақстандық студент қызды трамвай қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Польша полициясының қазақстандық дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қарашасында Катовице қаласында трамвайдың қағып кетуі салдарынан 2000 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Ол Катовице Экономика университетінің студенті болған. Қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылды. Оларға виза алуға барынша көмек көрсетілуде, денесін елге жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар