Польшада алғаш рет маймыл шешегі тіркелді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польшада алғаш рет маймыл шешегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-қа сілтеме жасап.

Польша денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский елде Еуропада сирек кездесетін маймыл шешегі дертінің тіркелгенін айтты.

Адам Недзельский сөзіне қарағанда маймыл шешегіне қатысты шамамен 10-ға жуық жағдай тексеріліп жатыр.

Айта кетсек, бір ай бұрын Пирен түбегі мен Біріккен Королдікте анықталған сирек дерт Еуропаның 20-ға жуық еліне таралып үлгерді. Кәрі құрлық елдері ішінде Ұлыбритания (302 жағдай), Испания (198) және Португалияда (153 жағдай) жұқпалы ауру жылдам тарауда.

ең көп зардап шеккен ел


Соңғы жаңалықтар