+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Польша пошта арқылы президенттік сайлау өткізуге дайындалуда

2020 жылғы 4 мамыр 02:25
Бөлісіңіз:
Польша пошта арқылы президенттік сайлау өткізуге дайындалуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польша пошта арқылы президенттік сайлау жүргізуге дайындалуда, деп хабарлайды euronews.com.

Оппозицияның және құқық қорғаушылардың шақыруына қарамастан Польша үкіметі коронавирус пандемиясы жағдайында 10 мамырда пошта арқылы өткізілуі белгіленген президенттік сайлау күнін ауыстырудан бас тартты.

Бақылаушылар қазіргі президент Анджей Дуданы сайлаушылардың шамамен 60% қолдауға дайын екендігін атап өтеді.

Мемлекет басшысы лауазымына алты кандидат үміткер болып отыр.

«Құқық және Әділеттік» басқарушы партия көшбасшысы Ярослав Качиньскийдің тапсырмасы бойынша дайындалған пошта арқылы дауыс беру рәсімін Польша сеймі сәуір айының басында мақұлдаған еді.

Таяу арада қашықтан дауыс беру туралы заң жобасын сенат қарауы тиіс.

Польшаның премьер-министрі Матеуш Моравецкий сырттай дауыс берудің қауіпсіз екендігі туралы мәлімдеді және сенаторларды осы ұсынысты қолдауға шақырды.

Пошта арқылы дауыс беруге елдің бірқатар бұрынғы президенттері мен премьерлері, соның ішінде Дональд Туск қарсы екендіктерін мәлім етті.

Ал Еурокомиссия Польшада сайлаудың еркін және әділ өтуін күтетіндігі атап өткен.

Дегенмен соңғы әлеуметтік сауалнамалардың деректеріне қарағанда, егер сайлау 10 мамырда өткізілетін болса, онда сайлаушылардың 30% кемі ғана дауыс беруге дайын екендігін көрсетіп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT