Польша құрамасының футболшысы «Қайратта» ойнайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Футболдан Польша ұлттық құрамасының ойыншысы Яцек Гуральский биыл Алматының «Қайрат» командасының намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Яцек Гуральский 1992 жылдың 21 қыркүйегінде Польшаның Быдгощ қаласында дүниеге келген. Сол қаланың «Завиш» командасында тәлім алып, үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2010 жылы сол клубта бастады. Одан кейінгі жылдарда сол елдің «Виктория» (Короново), «Висла» (Плоцк), «Ягеллония» командаларының жейдесін киді. Ал 2017 жылдан бері Болгарияның «Лудогорец» клубының намысын қорғады.

2016 жылдан бер Польша құрамасы сапында 13 ойынға қатысып, қарсылас қақпасына 1 гол соқты. Я. Гуральский 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында өз құрамасы сапында ойын көрсетті.

«Қайрат» командасы Я. Гуральскиймен 3 жылға келісімшартқа қол қойды.

Бұдан бұрын «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның «Зенитке» ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар