Польша Қазақстанның мұнай саласына қызығушылық танытты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев PKN Orlen поляк концернінің бас атқарушы директоры Даниэль Обайтекпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары туралы пікір алмасты.

Д.Обайтек ҚМГ басшылығына Orlen компаниясының мұнай өңдеу саласын автоматтандыру, мұнай химиясын дамыту және ауаға зиянды заттардың шығарылуын азайтатын технологияларын енгізу мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар поляк тарапы Orlen концернінің қажеттіліктеріне Қазақстан мұнайын жеткізуге қызығушылық танытты.


Соңғы жаңалықтар