Пластик бөтелкелерде 5 келі «гашиш» сақтаған қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық жедел уәкілдер пластикалық бөтелкелерде гашиш сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Оны тергеу кезінде скотчпен оралған картон қорабы тәркіленді, ішінде сыйымдылығы 3 және 5 литр пластик бөтелкелері бар екі сары полиэтилен пакет болды. Бөтелкелерден белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес ұсақталған әрі сығымдалған зат шықты. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 5 келіден асатын «гашиш» есірткісі екені анықталды», делінген ведомство хабарламасында.

Күдікті Әулиекөл ауданының тұрғыны болып шықты. Бірақ іс жүзінде ол Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тұрған. Ол бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол Қостанай қаласының уақытша ұстау изоляторында.

ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс шеңберінде одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тәркіленген есірткінің құны шамамен 2,5 млн теңгеге бағаланады.


Соңғы жаңалықтар