+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын

2021 жылғы 18 маусым 23:40
Бөлісіңіз:
Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Планетаның әрбір жүзінші тұрғыны - босқын. Олардың саны соңғы онжылдықта екі есеге өсті және бүгінде 82 миллионнан асып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Франция халқының 60 пайызы вакцинаның бірінші дозасын алды Франция коронавирусқа қарсы күрес шараларын күшейтті Италия премьер-министрі вакцинаға қарсы адамдарға сын айтты

БҰҰ есебінде мигранттардың көп бөлігі «ішкі қоныс аударушылар», яғни өз елдерінде босқындарға айналғандар екені атап өтілген

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары Филиппо Грандидің айтуынша, көші-қон мәселелеріне қарағанда, ішкі қоныс аударушылар түйткілдерін шешу қиын, өйткені олар қарулы қақтығыс жағдайында тіршілік кешіп жатыр. «Йемен туралы, Тиграй туралы, Ауғанстан туралы ойлаңыз. Тренд, одан әрі өсу тенденциясы бар Бұл бізді қатты алаңдатады. Осы есепте ішкі қоныс аударушылар саны шамамен 50 миллионға жуықтады», -дейді ол.

Босқындардың көпшілігі - сириялықтар. Олардың саны 6,8 млн. Екінші орында - -палестиналықтар, үшінші орында - венесуэлалықтар. Оңтүстік Суданмен және Мьянмамен бірге осы бес елдің азаматтары босқындардың үштен екісін құрайды.

Ал, әлемдегі мигранттардың 42% -ы кәмелетке толмаған балалар болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#БҰҰ   #Әлем  
Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT