+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Питер Гриффитс «Bek Air» әуе компаниясының болашағы қалай болатынын айтты

2020 жылғы 24 қаңтар 18:32
Бөлісіңіз:
Питер Гриффитс «Bek Air» әуе компаниясының болашағы қалай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы «Bek Air» әуе компаниясының қызметін тексеру барысында анықталған кемшіліктерге қатысты сұрақтар бойынша елордада өткен брифингте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры Питер Гриффитс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Bek Air» әуе компаниясының тағдыры «Bek Air»-дің қолында. Лоукостер (low cost – төмен баға - басты мақсаты шығындарды азайтып, ұшу бағасын төмендету - автор) жұмыс істеу үшін басты үш нәрсені ескеру керек: толығымен жаңа құрылғы орнату, әуе билеттерін сатудың жаңа әдісін ойлап табу және ұшақ қауіпсіздігіне толығымен жауап беретін қызметкерлер алу. Кез келген мемлекеттің авиация саласында реттеушісі болады. Ол ұшақ бортындағы әр жолаушының қауіпсіздігне жауап береді. «Bek Air»-ге әрқайсысымыздың «Олар жұмыс істей алады» деген құжат түріндегі қолдауымызды қажет етеді», - дейді Питер Гриффитс.

Ол ұйымындағы әр инспектор ұшақты тексерген кездегі қорытындыға қол қоюлары керек екенін айтты.

«Авиациялық инспекторларға қатысты менің халықаралық дәрежеде беделім бар. Ұшақ ұшқан кезде қауіпсіздікпен толық қамтылғанына көз жеткізіп алуымыз керек. Оқиға болғалы маған бір де бір адам хабарласып, «Bek Air»-ді қайтару керектігін айтқан жоқ. Сол себепті «Bek Air» халықаралық ережелерге сай жұмыс істеуге дайын болса – мен «Bek Air»-ді басқа да талапқа сай әуе компанияларындай қабылдаймын. Бірақ «Bek Air» авиациялық қауіпсіздікті бірінші орынға қоюы керек. Олай болмаған жағдайды ешқайсысымыз оған ұшуға рұқсат ететін құжатқа қол қоймаймыз», - дейді ол.

Бас директор халықаралық инспекторлар көмектесу үшін жүргендерін айтты.

«Қазақстанның кең-байтақ жері бар мемлекет. Аумағының үлкендігі сондай – ұшақты қажет етеді. Сіздер ұшақ билетінің бағасы арзан, қолжетімді болуын қаладыңыздар. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» қазақстандық әуе компаниялармен сіздердің осы қалауларыңызды орындау үшін, қазақстандық жолаушылар да өзге мемлекеттердегі жолаушылар қолданатын механизмдерді қолданатындай ету үшін жұмыс істейді. «Bek Air» осы процестің бөлшегі болғысы келетін-келмейтінін ойлануы керек. Ол жолаушыларына құрметпен қарауға дайын екен, ұшқан кезде қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алатынын дәлелдегенше ештеңе де өзгермейді. Дегенмен, біз оларға қызмет сапасын арттыратынын дәлелдеуге мүмкіндік береміз.

Жұмыс аяқталған кезде ол қалай жауап бергенін білеміз. Мен қазақстандық азаматтардан айырылып қалуға себепші болатын тағы бір әуе апаты болуына жол бермейтінім анық. Осындай олқылықтарға жол берген кез келген әуе компаниясы «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» тарапынан қатаң тексеріледі. Менің ұйымымдағы қызметкерлер ұшу талаптарына сай келмейтін әуе компаниясының ұшақтарының ұшуына жол берсе – мән-жайды ең қатаң жолмен шешетін боламын. Бұл талаптар орындалмай жатқанын түсінген болсаңыз, осы сөздерімді есіме салуға болады», - дейді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директоры.

Алматы әуежайы маңына құлаған «Bek Air» ұшағына қатысты мәліметтерді мына жерден білуге болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT