Пішембаев отандық машина жасаушылардың мүддесін қорғау туралы мәселені көтерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін пленарлық отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев соңғы жаһандық сын-қатерлерді есепке ала отырып, машина жасауды дамытуға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама жасаудың қажеттілігі, сонымен қатар отандық машина жасау кәсіпорындарының мүддесін қорғау туралы мәселені көтерді, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағының баспасөз қызметі.

Мейрам Пішембаев өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың нормасына қайшы келетін, Ресей Федерациясының 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік ұсыныстары бар конкурстық рәсімнің қатысушылары РФ Үкіметінің 2016 жылдың 16 қыркүйегіндегі №925 үкіміне сәйкес, шетелдік аналогтармен салыстырғанда келісімшарт бағасының 15 пайыздық деңгейінде басымдыққа ие болатынын тілге тиек етті.

Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия мен Кеден одағының машина жасауды дамыту бойынша үйлестіру одағында талқыланды. Алайда, қазіргі таңда ресейлік тарап жоғарыда көрсетілген Үкімнің қабылдануы туралы ешқандай түсінік бермеді.

Бүгінде отандық кәсіпорындарға келтіретін біршама кедергілер бар. Әсіресе, интеграциялық үдеріс аясында отандық машина жасау кәсіпорындары ресейлік тендерлерге қатысу барысында күрмеуі шешілмейтін көптеген мәселелерге тап болуда.

Мәжілісмен сөз соңында Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан отандық машина жасаушылардың мүддесін қорғайтын тиісті шаралар қолдануды ұсынды. 

Соңғы жаңалықтар