Пиротехниканың зияны: Бала бойының өсуін, ойлау қабілетін тежеп, ісік ауруларына ұшыратады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Пірімқұлов пиротехниканың адам ағзасына қандай зияны бар екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пиротехникаларды көп қолданатын да, жиі жарақат алып жататын да жасөспірімдер екені белгілі. Мұндай заттардан Жаңа жыл мерекесінде жасөспірімдер көбіне денесінің ашық жерлерін жарақаттап алып жатады. Пиротехника жанған, жарылған кезінде шаң, қоқыс немесе түтін қоспасы түрінде денемізге сіңеді. Дем алған кезде тыныс алу жолдары, өкпе зақымданады. Асқазанға да әсер етеді. Денеге тиген кезде теріні қышытып, тіпті күйдіріп жібереді. Әсіресе, жас балалардың қалқанша безіне әсері жаман. Жалпы қалқанша без баланың бойын өсіретін гормандарды бөліп шығарады. Ал пиротехника жарылған кезде бөлініп шығатын заттардың бала бойының өсуіне, ойлау қабілетіне өте үлкен зияны бар», - деді ол.

Оның айтуынша, пиротехниканы өндрушілер ол жарылған кезде әртүрлі реңкке боянуы үшін өте көп зат қолданады. Мысалы, алюминийденн бастап сынапқа дейінгі заттар қолданылуы мүмкін. Ал бұл заттар жоғарыда аталған аурулармен қатар ісік ауруларына да шалдықтырады.

«Сонымен қатар бұл пиротехникалардың жарылған кездегі дауысы өте күшті болады. Мәселен, адам құлағының есту нормасы 85 децибел дейтін болсақ, пиротехникалардың жарылған кездегі дауысы 150-170 децибелге дейін жетеді. Тіпті 120 децибелдің өзінде құлаққа ауырлық туындатады. Яғни, мұндай пиротехникалардың адам ағзасына зияны көп екендігін біле жүруіміз керек», - деді Желеухан Пірімқұлов.

Соңғы жаңалықтар