Pfizer вакцинасын қабылдаған қазақстандықтар саны миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 21 сәуір күні Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 9 477 068 адам, екінші компонентін 9 227 495 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, осы күні Pfizer вакцинасының бірінші дозасымен қамтылғандар саны 1 032 480 адамға жетті. Ал екінші дозасын 885 519 адам салдырған.

«Оның ішінде бірінші компонентімен жасөспірімдердің 812 118-і, жүкті әйелдердің 37 592-сі, бала емізетін аналардың 134 443-і қамтылды. Екінші компанентін 733 771 жасөспірім, 32 118 жүкті әйел, 116 238 бала емізетін ана қабылдады», - деп жазды жауапты мекеменің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар