Pfizer вакцинасы баланың ата-анасының келісімімен ғана салынады - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп оқушыларына Pfizer вакцинасы оқушының ата-анасының келісімімен ғана салынады. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізге балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина келген жағдайда ол баланың ата-анасының келісімімен ғана салынады. Қазіргі уақытта әлемде бірнеше вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12-18 жас аралығындағы балаларға егуге нұсқаулық беріп отыр. Оның бірі – Pfizer вакцинасы. Ол елімізге келгеннен кейін алдын ала халыққа жарияланып, медицина мамандары дайындықтан өткізіледі», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Ал ҚР Денсулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Pfizer вакцинасын Қазақстанға жеткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатқанын айтады.

«Бас келісімге қол қойып, оның ережелеріне қатысты келіссөз жүргізіп жатырмыз. Яғни, келісімшарттың қорытынды кезеңіне өттік. Өкінішке қарай, мәліметтерді жария етпеу келісіміне байланысты оның көлемі мен құнына қатысты ақпаратты жариялай алмаймыз. Келісімге қол қойылғаннан кейін ғана тиісті ақпарат беріледі», - деді Марат Шоранов.


Соңғы жаңалықтар